jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Түркістан облысында 4 ауылды су басты (видео)

Түркістан облысында 4 ауылды су басты
Су басқан ауыл. Кадр: YouTube / KhabarNEWS

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында толассыз жауған нөсер жаңбырдың салдарынан төрт елді мекенді су басты, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Тасқын су Дарбаза, Ердәуіт, Ақүй және Жаңаталап ауылдарына жетті. Салдарынан екі елді мекенде 15 тұрғын үйдің ауласы мен 6 көше жаңбыр суының астында қалды. Жағдайды тұрақтандыру үшін оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары, жергілікті атқарушы органдардың мамандары және полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Арнайы техника мен мотопомпаларды қолдану арқылы аулалардағы су сорылып, тасқын су Сарыүйсін каналына бағытталды.

Мамандардың мәліметінше, Дарбаза, Ақүй және Жаңаталап ауылдарында су сору жұмыстары толық аяқталған. Ал Ердәуіт ауылында әлі жалғасып жатыр. Жағдай тиісті сала мамандарының бақылауында.

"Оқиға орнында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 30 қызметкер, 10 мотопомпа, 3 техника және де жергілікті атқарушы органнан 16 қызметкер, 6 техника жұмыс атқаруда. Қазіргі уақытта жаңбыр суын сору және бұру жұмыстары жалғасын табуда. Сонымен қатар қазіргі жағдай бойынша дәл қазірге дейін 520 текше метр суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тұрғын үйлердің ауласына судың кіруіне жол бермеу мақсатында 60 қап дайындалып, төселді", - дейді облыстық ТЖД ресми өкілі Шыңғыс Сүлейменов.

Түркістан облысында 4 ауылды су басты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.