jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді (фото)

Маңғыстаудың киелі орындары
Маңғыстаудың киелі орындары. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында "Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен сабақтас нысандар" Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Номинацияны әзірлеу және ұсыну жұмыстары Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүргізілді. Президент Маңғыстаудың бірегей табиғи келбеті мен тарихи-мәдени мұрасын әлемге кеңінен танытуды және өңірдегі жерасты мешіттерді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу жұмысын бастауды тапсырған болатын.

Маңғыстаудың киелі орындары
Маңғыстаудың киелі орындары. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сериялық нысан құрамына Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Сұлтан епе және Бекет ата атты бес киелі кешен енді.

Маңғыстаудың киелі орындары
Маңғыстаудың киелі орындары. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті нысанның айрықша әмбебап құндылығын мойындады. Комитет Маңғыстауда сопылық дәстүр мен көшпелі мәдениеттің сан ғасырлық сабақтастығы нәтижесінде қалыптасқан бірегей киелі кеңістіктің әлемдік мәдени мұра үшін маңызын атап өтті.

Маңғыстаудың киелі орындары
Маңғыстаудың киелі орындары. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Әрбір кешеннің құрамына жерасты мешіттері, қорымдар, сопылық ілім өкілдерінің кесенелері мен жерлеу орындары, зиярат жолдары, киелі құдықтар және діни мәні бар өзге де нысандар кіреді. Бұл орындар ғасырлар бойы үзілмеген рухани дәстүрдің сақталуына ықпал етіп, бүгінге дейін зиярат етушілердің маңызды орталығы ретінде маңызын жоғалтқан жоқ. Сонымен қатар киелі орындарды күтіп-баптап, олардың сабақтастығын жалғап келе жатқан шырақшылық дәстүрі де сақталған.

Маңғыстаудың киелі орындары
Маңғыстаудың киелі орындары. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бес кешеннің барлығы мемлекет қорғауында және Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Оларды ұзақ мерзімге сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 2027-2032 жылдарға арналған кешенді басқару жоспары әзірленіп жатыр. Құжатта ескерткіштерді сақтау, киелі тарихи-мәдени кеңістікті қорғау, келушілер ағынын тиімді ұйымдастыру, ықтимал қатерлердің алдын алу және ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері қамтылған.

Маңғыстаудың киелі орындары
Маңғыстаудың киелі орындары. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Маңғыстаудың киелі орындары
Маңғыстаудың киелі орындары. Фото: Сыртқы істер министрлігі

Маңғыстаудың киелі орындары
Маңғыстаудың киелі орындары. Фото: Сыртқы істер министрлігі

Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.