jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

15 жыл күткен бақыт: егіз ұлын қолына алған семейлік азамат көз жасын жасыра алмады (видео)

Семейлік Медет егіз ұлын перзентханадан шығарып алды
Семейлік Медет егіз ұлын перзентханадан шығарып алды. Кадр видеодан: instagram.com/sultankyzy

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы ЭКҰ арқылы сәбилі болған тағы бір жұптың ерекше сәтінің видеосын көрсетті. 15 жылдан кейін ана атанған әйел перзентханадан шықты. Ал оның жұбайы егіз ұлын қолына алып, көз жасын жасыра алмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызының мұрындық болуымен ЭКҰ арқылы жүкті болған семейлік әйел ана атанды. Дария мен Медет есімді ерлі-зайыптының егіз ұлы дүниеге келді.

"Абай елі, Семей қаласы, қос батырдың бауы берік болсын! Медет пен Дария 15 жылдан кейін ата-ана бақытын сезінді! Әдетте көп жағдайда пациенттерімізге кәсіпкерлер, ниетті отбасылар демеушілік көрсететін. Ал бұл отбасының ЭКҰ бағдарламасын толық көтерген сіздерсіздер! Халықтың арқасында", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Қос сәбиге ата-анасы Арман және Аңсар деген есім берген. Арман мен Аңсардың перзентханадан шыққан сәтін журналист желіге жүктеген. 15 жыл бәр сәбиге зар болған Медет қос ұлын көріп, көз жасын алмады.

15 жыл күткен бақыт: егіз ұлын қолына алған семейлік азамат көз жасын жасыра алмады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.