Өскеменде әскери полиция мерзімді қызметтегі сарбазға іздеу жариялады: не белгілі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімі 27943 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісіне іздеу жариялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"2026 жылғы 23 шілде күні сағат 06:30 шамасында 2004 жылғы 31 наурызда туған қатардағы Мархан Айқын Ерланұлы тәуліктік наряд құрамында зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы бойынша кезекші көмекшісі (күндізгі кезекші) міндетін атқару кезінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен. Өзінде қару болмаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, әскери бөлім аумағынан әскери киім үлгісінде шығып кеткен, кейін азаматтық киімге ауысуы мүмкін", - делінген ведомствоның Instagram-дағы аккаунтында жарияланған хабарламада.
Әскери полицияның мәліметінше, іздестіріліп жатқан сарбаздың бойы – 177 см, салмағы – шамамен 80 кг, дене бітімі – орташа, көзі мен шашы – қара, шашы қысқа, бетінде меңдері бар.
"Әскери полиция бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарынан әскери қызметшінің жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда хабарлауды сұрайды.
Берілген ақпараттың құпиялылығы сақталады. Іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасы бақылауында", - делінген жарияланымда.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2404435-oskemende-askeri-politsiia-merzimdi-qyzmettegi-sarbazga-izdeu-zhariialady-ne-belgili/
