jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда аптап болған күндері қашықтан жұмыс істеуге бола ма: Еңбек министрлігінің жауабы

Аптап
Аптапта жұмыс істеу. Көрнекі сурет: Dmitrii Marchenko/Getty Images

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды аптапқа байланысты қашықтан жұмыс істеуге жіберуге бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

NUR.KZ тілшісіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, жұмыс беруші өз қалауы бойынша қызметкерлерді аптап кезінде қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыра алады.

Не болмаса қызметкерлердің өздері осындай бастама көтере алады.

Еңбек кодексінің 138-бабы 2-тармағына сәйкес, қашықтан жұмыс істеу немесе аралас қашықтан жұмыс істеу режимі тараптардың келісімі бойынша қызметкердің немесе жұмыс берушінің бастамасымен белгіленуі мүмкін.

"Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлер үшін күнделікті жұмыс уақыты ұзақтығының шектеулерін сақтай отырып, жұмыс уақытының тіркелген есебі белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

Қызметкер жұмыс уақыты шегінде жұмыс берушімен және қабылдаушы тараппен байланыста болуға тиіс", - делінген Еңбек министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар Қазақстан заңнамасында аптапта сыртта жұмыс істейтін қызметкерлер үшін шектеулер белгіленген.

"Кодекстің 82-бабы 2-тармағына сәйкес, жылдың суық немесе ыстық мезгілінде сыртта, жылытылмайтын жабық үй-жайларда жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылынуға немесе салқындауға және демалуға арналған арнайы үзілістер беріледі, олар жұмыс уақытына қосылады.

Жұмыс беруші қызметкерлердің жылынуына, салқындауына және демалуына арналған үй-жайларды жабдықтауды қамтамасыз етуге міндетті", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазақстанда аптап болған күндері қашықтан жұмыс істеуге бола ма: Еңбек министрлігінің жауабы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.