Атыраулық полицей түнде жоғалған бүлдіршінді 10 минутта тауып, ата-анасына табыстады
Жарияланған күні:

Атырау облысында полиция қызметкері түн ортасында жоғалған бүлдіршінді 10 минут ішінде іздеп тапты, деп хабарлайды ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, 25 шілдеде сағат 00:30 шамасында Махамбет аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Алмас Қамидоллин қызмет атқару барысында кішкентай қыздың жоғалғаны туралы хабарлама алған.
Хабарлама түскен сәттен бастап іздестіру жұмыстары ұйымдастырылған. Полиция қызметкері жақын маңдағы көшелер мен аулаларды, қоғамдық орындарды және өзге де ықтимал бағыттарды мұқият тексеріп, жедел іздеу шараларын жүргізген.
Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде бүлдіршін 10 минут ішінде аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылған. Қыз баланың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Полиция ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды және олардың қайда жүргенін үнемі бақылауда ұстауды ескертеді. Әсіресе кешкі және түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, оларға адасып қалған жағдайда не істеу керектігін түсіндіру қажет.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2405009-atyraulyq-politsei-tunde-zhogalgan-buldirshindi-10-minutta-tauyp-ata-anasyna-tabystady/
