jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Өскеменде нөсер салдарынан көшелерді су басты: кей көліктер суға батқаннан өртке оранды (видео)

Өскеменді су басты
Суға батқан көлік. Кадр: Instagram / oskemenlive

Бүгін Өскеменде қатты нөсер жауып, салдарынан қала көшелерін су басты. Қалалық әкімдік су сору жұмыстарының барысы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өскемен тұрғындары әлеуметтік желілерде бүгін қалада болған нөсер жауынның салдарын көрсететін видеоларды бөлісуде.

Кадрлардан облыс орталығының көшелерін су басқаны көрінеді, әсіресе діттеген жеріне жете алмай қалған жүргізушілер әбігерге салынды. Видеодан кейбір көліктер суға батқаннан кейін істен шығып, тіпті өртенгенін байқауға болады.

Қала тұрғындарының кейбірі көліктен шығып, су кешіп жаяу жүруге мәжбүр болды.

Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметі қатты жауынға байланысты қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын, қазіргі уақытта су басқан аумақтардан жауын суын сору жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазіргі таңда жұмыстар мына мекенжайлар бойынша жүргізіліп жатыр:

  • Михаэлис көшесі;
  • Ушанов алаңы;
  • "Детский базар" ауданы.

Жауапты қызметтер жағдайды бақылауда ұстап, қаланың су басқан учаскелерінде су сору жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізіп жатқаны хабарланды.

Өскеменде нөсер салдарынан көшелерді су басты: кей көліктер суға батқаннан өртке оранды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.