jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астана - Қарағанды тасжолындағы учаскеде 12 тамызға дейін қозғалыс шектеледі

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Иллюстрациялық фото: picture alliance/Getty Images

Астана - Қарағанды тасжолындағы учаскеде 29 шілде мен 12 тамыз аралығында қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, Астана - Қарағанды тасжолының Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 29 шілде және 12 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл ретте автокөліктердің қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады", - делінген хабарламада.

Астана - Қарағанды тасжолындағы учаскеде 12 тамызға дейін қозғалыс шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.