jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Көпірдегі жөндеу жұмыстары: Алматы облысындағы автожолда қозғалыс уақытша шектеледі

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Иллюстрациялық фото: DmyTo/iStock/Getty Images Plus

30 шілдеден бастап "Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченск" автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық компанияның мәліметінше, Алматы облысындағы республикалық маңызы бар "Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченск" автожолының 19+300 шақырымындағы көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 2026 жылғы 30 шілде мен 25 тамыз аралығында аталған учаскеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы арнайы ұйымдастырылған айналма жолдар арқылы жүзеге асырылады.

Жол қозғалысына қатысушыларды ақпараттандыру мақсатында учаскеде тиісті уақытша жол белгілері орнатылады", - делінген хабарламада.

Айналма жолдың сызбасы
Айналма жолдың сызбасы. Фото: t.me/qazavtojol

Көпірдегі жөндеу жұмыстары: Алматы облысындағы автожолда қозғалыс уақытша шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.