jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 29 шілдеде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді. Жерасты дүмпуінің күші 2 балл болған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ-ның мәліметінше, 29 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°.

Сезілеуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында – 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram