jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қызылордада жаңа өндіріс орындары ашылып, жүздеген жұмыс орны құрылуда

Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Қызылорда қаласында экономиканы әртараптандыру бағытында ірі инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жаңа өндірістердің іске қосылуы өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Қызылорда қаласының әкімдігі.

Жыл басынан бері "Марал Нұр" серіктестігінің жолаушы вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге арналған жаңа өндірістік кешені пайдалануға берілді. Жобаның құны 5,6 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның іске қосылуы нәтижесінде 100 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 600-ден астам жолаушы вагонына техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндік жасалды.

Сонымен қатар "Алаш Метан" серіктестігінің метан газ құю бекеті бар жол бойындағы қызмет көрсету кешені іске қосылды. 650 млн теңгелік жоба жол бойындағы сервистік қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.

Өңдеу өнеркәсібінде "Rem Plast Invest" ЖШС-нің құны 559 млн теңге болатын қағаз және картон өндіретін зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаттылығы 5,4 мың болады. Құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарланған.

Қызылорда қаласының әкімдігі
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Агроөнеркәсіп кешенінде "Қызылорда Құрылыс НК" серіктестігінің 800 басқа арналған тауарлы сүт фермасының құрылысы қарқынды жалғасуда. 7,5 млрд. теңгелік жоба өңірдегі сүт өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Биыл мамыр айында жалпы құны 104,1 млрд. теңгені құрайтын екі ірі инвестициялық жобаға капсула салу рәсімі өтті. Оның ішінде "Рока Қазақстан" ЖШС санитарлық-техникалық жабдықтар өндіретін зауыттың құны 44,1 млрд. теңгені, ал "Seven Rivers Technologies" ЖШС неміс технологияларын пайдалана отырып шыны ыдыстар шығаратын зауыттың құны 60 млрд. теңгені құрайды.

Қазіргі таңда аталған жобалардың құрылыс жұмыстары басталған. Олар толық іске қосылған кезде 600 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қызылордада жаңа өндіріс орындары ашылып, жүздеген жұмыс орны құрылуда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.