jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматы әуежайы толығымен түрік холдингінің бақылауына өтеді

Алматы әуежайы
Алматы әуежайы. Фото: Көлік министрлігі

Алматы әуежайы толығымен TAV Airports түрік холдингінің бақылауына өтеді. Түрік тарабы қалған 15% акцияны сатып алады, деп хабарлайды QIS баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Qazaqstan Investment Corporation ("Бәйтерек" ҰБХ АҚ еншілес ұйымы) баспасөз қызметі хабарлағандай, QIS Kazakhstan Infrastructure Fund-тан 15% үлесті TAV Airports компаниясының сатып алу мәмілесі аясында "Алматы халықаралық әуежайы" жобасынан шығуды аяқтап жатыр.

Мәміле сомасы 133 миллион долларға тең болған.

"2021 жылдың сәуірінде қор TAV Airports тобы активті сатып алған сәтте әуежай акционерлерінің құрамына кіріп, жалпы көлемі 415 миллион долларлық мәміле аясында 30 миллион доллар үлестік қаржыландыруды қамтамасыз етті.

QIC жобаға қатысқан кезеңде Алматы халықаралық әуежайы ауқымды трансформациядан өтті.

2024 жылы инвестициялық бағдарлама аяқталды: ауданы 53 500 шаршы метр болатын жаңа халықаралық жолаушылар терминалы, VIP-терминал және инженерлік құрылыстар ғимараты пайдалануға берілді. Бұрынғы жүйеден төрт есе қуатты заманауи багаж өңдеу жүйесі орнатылды", - делінген хабарламада.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында әуежай 5,76 миллион жолаушыға қызмет көрсеткені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артық екені, ал түскен табыс 257,9 миллион долларды құрағаны атап өтілді.

"Сұраныстың тұрақты өсуі авиациялық инфрақұрылымды сапалы кеңейтуді – жаңа терминалды, заманауи багаж өңдеу жүйелерін және өткізу қабілетін арттыруды талап етті. Бұл әуежайды Азия, Еуропа және Таяу Шығысты байланыстыратын толыққанды өңірлік хабқа айналдырып, мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

QIC басқарма төрағасының инвестициялық қызмет жөніндегі орынбасары Ғаббас Ержанов Алматы халықаралық әуежайы QIC тарихындағы ең маңызды жобалардың бірі екенін мәлімдеді.

"Біз бұл жобаға оның ел үшін стратегиялық құндылығын нақты түсіне отырып кірдік: әуежай – жай ғана инфрақұрылымдық нысан емес, бұл Қазақстанның әлемге ашылған қақпасы. Біз қатысқан жылдар ішінде актив сапалы трансформациядан өтіп, жаңа деңгейге көтерілді.

Жобадан сәтті шығу таңдалған инвестициялық стратегияның дұрыстығын және еліміздің стратегиялық маңызды нысандарына халықаралық капиталды тарту қабілетімізді растайды", - деді Ержанов.

Алматы әуежайы толығымен түрік холдингінің бақылауына өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.