Астана әкімінің гранты: талапкерлер қай жоғары оқу орындарынан қосымша грант ала алады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астана әкімдігі елорда әкімінің 300 білім гранты Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында үлестірілгенін хабарлады, деп жазады ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорда әкімінің 2026-2030 жылдарға арналған 300-ден астам білім гранты жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары бойынша бөлінді.
"Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 5-10 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Астана әкімдігінің білім грантын алу конкурсына қатысу үшін талапкерлер тиісті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет", - делінген хабарламада.
Гранттар келесі жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары бойынша бөлінді:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:
Көлік қызметтері.
А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.
Астана халықаралық университеті:
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі; Физика пәні мұғалімдерін даярлау; Математика пәні мұғалімдерін даярлау; Информатика пәні мұғалімдерін даярлау; Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау; Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау; Ақпараттық технологиялар.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті:
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі; Информатика пәні мұғалімдерін даярлау; Математика пәні мұғалімдерін даярлау; Физика пәні мұғалімдерін даярлау; Ақпараттық технологиялар; Арнайы педагогтарды даярлау: дефектолог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог.
Esil University:
Информатика пәні мұғалімдерін даярлау; Математика пәні мұғалімдерін даярлау; Ақпараттық технологиялар.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2405645-astana-akimining-granty-talapkerler-qai-zhogary-oqu-oryndarynan-qosymsha-grant-ala-alady/
