jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Краннан батпақ ағады": Сарқан қаласының тұрғындары әлі күнге дейін таза ауыз суға жарымай отыр (видео)

Сарқандтағы су проблемасы
Сарқандтағы су проблемасы. Кадр: youtube.com/@informburo31kanal

Жетісу облысы Сарқан қаласының тұрғындары таудан аққан лай суды тұтынуға мәжбүр екенін айтып, бас көтерді. Жауын жауса шүмектен су емес, батпақ ағады, дейді олар. Соған қарамастан жұрт тіршілік нәрі үшін ай сайын шамамен 5 мың теңге төлейміз деп күйінеді. Ал әкімдік жылдар бойы мәселенің шешімін таппай әлек, деп хабарлайды "31 арна".

Тұрғындардың айтуынша жауын жауғаннан кейін тіршілік нәрін тұтыну тіпті мүмкін болмайды екен. Сондықтан жұрт әуелі ұзақ уақыт тұндырып ішуге немесе дүкеннен сатып алуға мәжбүр. Ал жауын-шашын мол жауған күндері краннан аққан лай суды тіпті тұндырып пайдаланудың өзі мүмкін емес дейді тұрғындар. Сабыры сарқылған сарқандықтар ай сайын сапасыз су үшін ақы төлейміз деп ашынады. Көпшілік бұл мәселені айтып әкімдікке де, жауапты мекемелерге де талай рет жүгінген. Алайда әзірге нақты нәтиже жоқ.

Ал жауаптылар ауыз судың сапасы өткен жылдармен салыстырғанда жақсарғанын айтады. Қазір қала маңында суды тазартатын төрт тұндыру бассейні жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ қосымша сүзгі станциясын орнату жоспарланған. Алайда оның нақты қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз дейді мамандар.

"Былтырғы атқарған жұмыстың арқасында судың тазару деңгейі 70-80 пайыз. Бүгінгі таңда сүзгі станцияларын орнататын мекемелермен келісім жүргізіліп жатыр. Жақсарту шешімі биыл табылады. Оны облыс әкімі бақылауға ұстап отыр. Келесі маусымда аяқталатын болады", - дейді Сарқан ауданы ТҮКШ бөлімінің басшысы Әсет Қанапиянов.

Медицина мамандарының айтуынша, ауыз су санитарлық талаптарға толық сай болуға тиіс. Ал түсі өзгерген лай тіршілік нәрін ішу асқазан-ішек инфекцияларының пайда болу қаупін арттыруы мүмкін екен. Сондықтан тұрғындар мәселені уақытша емес, түбегейлі шешуді сұрайды.

"Краннан батпақ ағады": Сарқан қаласының тұрғындары әлі күнге дейін таза ауыз суға жарымай отыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.