jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Өсімдіктің 300-ден астам түрі": алматылық зейнеткер көпқабатты үйдің ауласын ботаникалық баққа айналдырған

Владимир Стариков
Владимир Стариков. Кадр видеодан: 24.kz

Алматылық Владимир Стариков 15 жылдан бері аумақты өз күшімен абаттандырып келеді. Қазір мұнда өсімдіктің 300-ден аса түрі өседі. Ал ерекше мүсіндер мен инсталляциялардың басым бөлігі қайта өңделген тұрмыстық қалдықтардан жасалған, деп хабарлайды 24KZ.

Владимир Стариков жыл сайын ауласын күтіп-баптауға өз қалтасынан шамамен 700 мың теңге жұмсайды. Бұл қаржы көшет алуға, түрлі композициялар жасауға және аумақты көркейтуге кетеді. Аулада шамгүлдері, жайқалған шағын тоғандар мен түрлі ертегі мүсіндері орналасқан. Зейнеткер барлығын өз қолымен жасап шыққан.

"Неге біз Англиядағы немесе Франциядағы адамдардан кем болуымыз керек. Еш жеріміз кем емес. Қаламыз да олардың қаласынан кем түспейді, тіпті одан да көрікті бола алады. Ол үшін туған жеріңді және өз қалаңды жақсы көру керек", - дейді қала тұрғыны Владимир Стариков.

Жетісу ауданындағы ерекше аула бірнеше рет қаладағы үздіктер қатарынан көрінді. Ертегідей мекенді көргісі келетіндердің де қарасы қалың. Ал тұрғындар арасында "Көшесін көріп, иесін таны" деген сөз де осы аулаға арнап айтылған ба дерсің. Себебі мұндағы әрбір өсімдік пен мүсін ұқыптылық пен жанашырлықты талап етеді.

"Мұнда туристер де, шетелдіктер де көп келеді. Зейнеткер адамның өз ауласын осылай көркейтіп жүргеніне барлығы таң қалып, риза болады", - дейді қала тұрғыны Галина Тараканова.

Бір адамның бастамасы бүгінде көпшіліктің сүйікті орнына айналған. Владимир Стариков алдағы уақытта да ауласын жаңа өсімдіктермен толықтырып, ерекше композициялар жасауды жоспарлап отыр.

"Өсімдіктің 300-ден астам түрі": алматылық зейнеткер көпқабатты үйдің ауласын ботаникалық баққа айналдырған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.