jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Астанада пәтер сатып алған ондаған адам сан соғып қалды

Астанадағы пәтерін ала алмай жүрген тұрғындар
Астанадағы пәтерін ала алмай жүрген тұрғындар. Кадр видеодан: youtube.com/@tv24kz

Астанада пәтер сатып алған 50-ден астам адам сан соғып қалды. Сатылған пәтерлердің бірнеше қожайыны бар боп шықты. Баспанасын адал еңбегімен тапқан қаражатына сатып алған тұрғындар енді өз мүлкінің заңды иесі екенін дәлелдей алмай жүр, деп хабарлайды 24KZ.

Астаналық Гүлнәр Увалиева былтыр күзде пәтер сатып алған. Келісілген қаржыны төлеп, баспананың құжаттарын қолына аламын деп сенген. Бірақ арада бірнеше ай өтсе де, меншік құқығын рәсімдей алмай, сергелдеңге түскенін айтады.

"Наурызға дейін созылды. Одан сәуір. Сосын мамырдың ортасында офиске күнде келіп жатқан адамдарды көрдім. Келсем көп адам жиналыпты. Шамамен 50 адамдай болды. 50 адамның ішінде бір емес, сегіз рет бір пәтердің сатылғаны туралы қағаздары бар. Одан ақша берген көбінің құжаттары жоқ. Мен секілді. Офиске келгенде ақшаны офистің ішінде беріп, бухгалтер ма, менеджер ме техникасымен ақша санайтын. Сонымен қабылдаған. Бірақ сол ақшаны бергенімен заңгерлері "біз ақша берген жоқпыз" деп айтады. Сендердің ақшаларың өткен жоқ. Көрген жоқпыз дейді. Бірақ қағаз нотариально берген. Нотариус мемлекеттік қызметкер. Енді оларға сенеміз", - дейді қала тұрғыны Гүлнәр Увалиева.

Қазір тұрғын үйді құрылыс компаниясынан емес, қарапайым адамдардан сатып алған жандардың да басына бұлт үйіріліп тұр. Себебі пәтердің алғашқы иесі компаниямен жасасқан келісімі заңсыз деп танылуы мүмкін.

"Жарнамадан көріп келдік. Бәрі дұрыс, ішінде жақсы. адамдардан кәдімгідей қолма-қол ақшамызға нотариуске барып, құжаттарын реттеп сатып алдық. Құжаттарымыз қолымызда бар. Енді пәтерімізді арестке қойып тұр. Не айтарымызды білмейміз. Бәрін нотариуспен келісімшарт жасап алған үйіміз. Енді оны барды да арестке қойып қойды", - дейді қала тұрғыны Фатима Төлесінова.

Сот материалына сәйкес, қазір 51 адам зардап шегуші ретінде танылып отыр. Алайда құрылыс компаниясынан пәтер алу үшін төлем жасағанын дәлелдей алмай жүргендер де бар.

"Қаражаттың компания шотына келіп түскені белгілі. Бірақ ол ақшаны кімнің төлегені көрсетілмеген. Ол туралы ақпаратты бухгалтерлік бағдарламаға да енгізбеген. Бірақ қаражатты офисте жинап, чемоданға салып банкке апарған. Бұл туралы әкімдікте болған кездесуде өздері айтып берді. Неге олар қанша қаражаттың кімнен, қашан түскенін бірден белгілеп отырмайды? Олар әу бастан осылай біздің ақшамызды иемденіп кетуді көздеген. Біз істің ақ-қарасын ажырату үшін құзырлы органдарға хабарластық", - дейді қала тұрғыны Айнагүл Бакирова.

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданғанын жеткізді.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша төрт адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, айыптау актісі Астана қаласының прокуратурасымен бекітілді. Қылмыстық іс Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды", - дейді Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті.

Ал қалалық прокуратура бұғатталған үйлердің тағдыры сот шешімі шыққан соң белгілі болатынын мәлімдеді.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 390-бабының 4-бөлігінің 11-тармағына сәйкес, үкiм шығару кезiнде сот кеңесу бөлмесiнде тыйым салынған мүлiктi не iстеу керегі бойынша шешім қабылдайды. Осыған орай, тыйым салынған мүліктердің тағдыры сот үкімі жарияланған кезде шешіледі. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы жүргізіліп жатыр", - дейді Астана қаласының прокуратурасының өкілдері.

Күдіктілерге қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Қылмыс дәлелденсе олар 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Астанада пәтер сатып алған ондаған адам сан соғып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.