jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ақтауда полицейлер 10-қабаттағы терезенің сыртқы жақтауында тұрған баланы құтқарып қалды

10-қабаттағы терезе сыртында тұрған бала
10-қабаттағы терезе сыртында тұрған бала. Видеодан кадр: Маңғыстау облыстық ПД

Ақтаулық полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды. Олар 10-қабаттағы терезенің сыртқы жақтауында тұрған баланы құтқарып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, полицияға баланың өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарламада Ақтау қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кішкентай баланың 10-қабаттағы ашық тұрған терезенің сыртқы жақтауына шығып кеткені айтылған.

Ақпарат түскен бойда патрульдік полиция экипажы оқиға орнына жедел жеткен.

"Полицейлер келген сәтте жағдай аса қауіпті болды – кәмелетке толмаған бала терезеге шығып алып, ғимараттың сыртқы жақтауында тұрған.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел, батыл әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды. Бүлдіршін аман-есен құтқарылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар хабарламада баланың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға Ақтау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – Ержан Көкенов пен Данияр Татиевтің кәсіби шеберлігі мен батыл әрекеті себеп болғаны айтылған.

Полиция ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Әсіресе терезелері ашық бөлмелерде балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажет. Терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатып, олардың маңына баланың көтерілуіне мүмкіндік беретін жиһаздарды қоймаған абзал, дейді полиция қызметкерлері.

Ақтауда полицейлер 10-қабаттағы терезенің сыртқы жақтауында тұрған баланы құтқарып қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.