jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанадағы LRT жолақысы: 1 тамыздан бастап жаңа тарифтер енгізіледі

Астанадағы LRT
Астанадағы LRT. Фото: Ақорда

1 тамыздан бастап жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Tarlan Astana LRT желісінде кеңейтілген тарифтік жүйе енгізіледі, деп хабарлайды CTS-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Компанияның мәліметінше, Tarlan Astana желілерінде тарифтердің кеңейтілген жүйесі іске қосылады. Бір реттік жолақы құны бұрынғыдай 200 теңге болып қалады, сонымен қатар енді жол жүру абонементтері де енгізіледі.

Мерзімдік тарифтер:

  • 1 күн – 500 тг;
  • 3 күн – 1 500 тг;
  • 5 күн – 2 500 тг;
  • 10 күн – 4 000 тг;
  • 15 күн – 5 000 тг;
  • 1 ай – 7 500 тг;
  • 3 ай – 20 000 тг.

Белгіленген сапарлар саны бар тарифтер:

  • 5 сапар – 900 тг;
  • 10 сапар – 1 800 тг;
  • 20 сапар – 3 500 тг;
  • 30 сапар – 5 000 тг.

Ескерту

Айлық жол жүру тарифтері осы айдың 15-не дейін (қоса алғанда) сатып алынған жағдайда тариф осы айдың соңына дейін жарамды.

Осы айдың 15-нен кейін сатып алынған жағдайда тарифті келесі айдың 1-нен бастап қолдануға болады.

Тариф сатып алынған күнтізбелік ай ішінде, яғни айдың 1-нен 30/31 күніне дейін жарамды.

Күндік жол жүру және белгіленген сапарлары бар тарифтер алғашқы валидациядан өткен сәттен бастап іске қосылады және сол күннің соңына дейін (сағат 00:00-ге дейін) немесе сатып алынған сапарлар саны таусылғанша жарамды болады.

"Тарифтерді Tarlan Astana стансаларындағы кассалардан сатып алуға болады. Тариф Tarlan Astana көлік карталарына жүктеледі. Көлік картасының теңгерімін Tarlan Astana стансаларындағы кассада немесе терминалда тексеруге болады.

Көлік картасы жоғалған жағдайда белсендірілген (қолданыстағы) тарифтер қалпына келтірілмейді және басқа көлік картасына ауыстырылмайды. Тарифтер тек Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде қолданылады. Сондай-ақ Астана қаласының автобус желісімен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді компания өкілдері.

Астанадағы LRT жолақысы: 1 тамыздан бастап жаңа тарифтер енгізіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.