jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ыстықкөлден ұшып шығатын қазақстандықтар үшін маңызды хабарландыру жасалды

Ыстықкөл
Ыстықкөл. Фото: Tuul & Bruno Morandi/Getty Images

Ыстықкөлдегі Тамшы әуежайынан ұшатын жолаушыларға әуежайға ертерек келу ұсынылды, деп хабарлайды FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әуекомпаниясының баспасөз қызметі 30 шілде мен 2 тамыз аралығында Ыстықкөлде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін ескертті.

Бұл халықаралық спорттық іс-шараның өткізілуіне байланысты. Шектеулер Шолпан-Ата – Тамшы әуежайы бағытын да қамтиды.

"Осыған байланысты жол қозғалысындағы ықтимал өзгерістерді алдын ала ескеріп, әуежайға ертерек шығуды сұраймыз. Ұшу алдындағы барлық рәсімнен уақытылы өту үшін әуежайға ұшуға кемінде 3 сағат қалғанда келуге кеңес береміз.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және сіздерге сәтті сапар тілейміз", - делінген хабарламада.

Ыстықкөлден ұшып шығатын қазақстандықтар үшін маңызды хабарландыру жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram