Баланың көзінше кіреберіс есікті жұлып алған Астана тұрғыны қамауға алынды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада тұрғын үйдің кіреберіс есігін жұлып алған жергілікті тұрғын бес тәулікке қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық соттардың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2026 жылғы 27 шілдеде Астанада азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
️Сот барысында анықталғандай, азамат Т. тұрғын үйдің кіреберісінің алдында қасақана күш қолданып, кіреберіс есігін жұлып алып, есікке механикалық зақым келтірген. Өз әрекеті арқылы ол айналасындағыларды анық құрметтемейтінін аңдатып, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзған.
️Сот отырысында Т. өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.
️Т.-ның кінәсі сотта зерттелген дәлелдемелердің жиынтығы мен бейнежазба арқылы дәлелденді.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға тиісу, сондай-ақ айналасындағыларды құрметтемейтінін аңдататын және қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын өзге де осыған ұқсас әрекеттер үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.
Әкімшілік жаза тағайындау кезінде сот құқықбұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның қасақана жасалғанын, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер өзге азаматтардың, оның ішінде кәмелетке толмаған баланың көзінше жасалғанын ескерді.
Сот қаулысына сәйкес, азамат әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2406324-balanyng-kozinshe-kireberis-esikti-zhulyp-algan-astana-turgyny-qamauga-alyndy/
