jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Павлодарда психикалық денсаулық орталығында науқастарды бөгде адамдар ұрып соққаны рас па

Дәрігер мен науқас
Дәрігер мен науқас. Кадр: "Астана" арнасы

Әлеуметтік желіде Павлодардағы психикалық денсаулық орталығында науқастарды бөгде адамдар ұрып соққаны туралы жазба тарады. Автордың айтуынша, қария кісілерді бейнебақылау құрылғысы жоқ жерде жасырын соққыға жыққан. Осы оқиға қатысты облыстық психикалық денсаулық орталығы түсініктеме берді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Орталық басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Александра Бухаринаның сөзінше, мұндай келеңсіз жағдай болмаған. Қызметтік тексеру жүргізіліп, науқастардан түсініктеме алыныпты.

Қазіргі уақытта психикалық денсаулық орталығында 45 адам ем алып жатыр. Тексеру барысында науқастардың ешқайсысы ұрып соғу бойынша шағым жасамады дейді. Бірақ мұндай ақпараттың қайдан шыққаны әзірге белгісіз.

"Тексеру барысында жарияланымда көрсетілген Азамат есімді санитардың орталықтың №2 ерлер бөлімшесінде жұмыс істемейтіні анықталды. Пациенттер тарапынан қызметкерлердің жұмысына және емделу жағдайларына қатысты ешқандай шағымдар мен наразылықтар түскен жоқ. Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат расталған жоқ", - дейді облыстық психикалық денсаулық орталығы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Александра Бухарина.

Павлодарда психикалық денсаулық орталығында науқастарды бөгде адамдар ұрып соққаны рас па

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.