Кемінде 50 851 теңге: Қазақстанда 450 мың оқушы қаржылай көмек алады
Жарияланған күні:

1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен мектеп құралдарын сатып алуға көмек көрсетіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, 2026-2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық балаға қолдау көрсетіледі. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерде 23 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.
"Көмектің ең төменгі мөлшері – бір балаға 50 851 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Жергілікті бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай жекелеген өңірлерде төлем мөлшері жоғары болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Көмек жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға беріледі.
Төлемді алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер тиісті құжаттарды білім беру ұйымына тапсыруы қажет.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2406476-bir-balaga-50-851-tengge-zhanga-oqu-zhyly-qarsangynda-450-myngga-zhuyq-balaga-komek-korsetiledi/
