Алматыда Манас көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Манас көшесінің бір бөлігі бірнеше күнге жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әкімдіктің мәліметінше, Манас көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"31 шілде сағат 19:00-ден 4 тамыз сағат 08:00-ге дейін Манас көшесінің Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс толықтай жабылады.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Осыған байланысты жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2406647-almatyda-manas-koshesining-bir-boligi-uaqytsha-zhabylady/
