jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

550 шетел азаматы Қазақстан ЖОО-ларында тегін оқитын болады: грант кімге бұйырды

Студенттер
Студенттер. Көрнекі сурет: Europa Press/Getty Images

Қазақстанда шетелдіктерге арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарлама конкурсының қорытындысы шығарылды. 550 шетел азаматына білім беру гранты тағайындалды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2026-2027 оқу жылына арналған Қазақстан азаматтығы жоқ шетел азаматтарына, оның ішінде қазақ ұлтының өкілдеріне арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарлама аясындағы конкурстық іріктеу аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша 550 стипендия иегерінен тұратын негізгі тізім бекітілді.

Аталған бағдарлама 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ дарынды шетелдік жастарды Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға тартуға бағытталған.

2026 жылы бағдарлама шеңберінде:

  • бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға – 490 білім беру гранты;
  • магистратура бағдарламалары бойынша оқуға – 50 грант;
  • докторантура бағдарламалары бойынша оқуға – 10 грант бөлінді.

Конкурстық іріктеуге әлемнің 71 елінен 16 098 үміткер қатысты. Қатысушылардың едәуір бөлігін Қазақстан азаматтығы жоқ қазақ ұлтының өкілдері – қандастар құрады. Аталған санаттағы азаматтарға арналған бағдарламаны іске асыру Қазақстанда сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге және тарихи отанымен байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Бағдарламаны іске асыруға 886 білім беру бағдарламасын ұсынған Қазақстанның 27 жоғары оқу орны қатысады. Стипендия иегерлерінің басым бөлігі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде, Astana IT University-де, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде және еліміздің басқа да жоғары оқу орындарында білім алады.

Биыл бағдарламаға қатысушылардың географиясы айтарлықтай кеңейді. Егер 2025 жылы оқуға ұсынылғандар қатарында 26 елдің өкілдері болса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 49 мемлекетке дейін артты. Ең көп өтінім Палестина, Индонезия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы және Ауғанстаннан келген үміткерлерден түсті. Алғаш рет стипендия иегерлері қатарында АҚШ, Италия, Германия, Мальдив Республикасы және Корея Республикасы азаматтары бар.

550 шетел азаматы Қазақстан ЖОО-ларында тегін оқитын болады: грант кімге бұйырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.