jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Полицейлер алматылықтарды қайырымдылық жасайтын кезде сақ болуға шақырды

ақша
Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының полициясы тұрғындар мен қала қонақтарын қайырымдылыққа қаражат аудару кезінде жауапкершілік танытып, ақша жинаумен айналысатын ұйымдар туралы ақпаратты мұқият тексеруге шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, қайырымдылық – қоғамдағы маңызды құндылықтардың бірі және жан-жақты қолдауға лайық. Алайда азаматтардың мейірімділігі мен жанашырлығын қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернет-платформаларда заңсыз ақша жинауды ұйымдастыратын алаяқтар өз мақсаттарына пайдаланып жатады.

Тек соңғы бір аптаның ішінде Алматы қаласының полиция қызметкерлері заңсыз ақша жинаудың екі дерегін анықтады. Бұл фактілер бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.

Полиция қайырымдылық жасамас бұрын ұйымның ресми тіркелгеніне көз жеткізіп, оның қызметімен, қаржылық есептілігімен, ресми интернет-ресурстарымен және банктік деректемелерімен танысуға кеңес береді. Адал қайырымдылық қорлары өз қызметін ашық жүргізіп, жиналған қаражаттың қалай жұмсалатыны туралы ашық ақпарат ұсынады.

"Біз азаматтарды қайырымдылық жасаудан бас тартуға шақырмаймыз. Керісінше, шынымен көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді, бірақ оны саналы түрде жасауды сұраймыз. Ұйым туралы ақпаратты тексеруге жұмсалған бірнеше минут қаражатыңыздың нақты мұқтаж адамға жететініне, алаяқтардың қолына түспейтініне сенімді болуға мүмкіндік береді. Егер ақша жинаудың заңдылығына күмәніңіз болса, бұл туралы полицияға хабарлаңыз", — деді Тимур Ноғайбаев.

Полицейлер алматылықтарды қайырымдылық жасайтын кезде сақ болуға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.