jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанның бір қаласында жаздың соңына дейін ыстық су болмайды

Су краны
Су краны. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Ақтауда магистральдық құбырдағы жөндеу жұмыстарына байланысты жаздың соңына дейін ыстық су болмайды, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, "МАЭК" ЖШС Ақтау тұрғындарына магистральдық құбырдағы жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты ыстық су беру мерзімі тағы кейінге шегерілгенін ескерткен.

"Құрметті қала тұрғындары! Магистральдық құбырдағы жөндеу жұмыстарының жалғасуына байланысты ыстық су беру мерзімі тамыз айының соңына шегерілді", - деп хабарлады энергетикалық комбинаттың баспасөз қызметі.

Аймақтық басылым атап өткендей, қалада ыстық су беру 27 маусымда сағат 10:00-ден бастап толығымен тоқтатылған.

Ыстық су 12 шілде сағат 00:00-ге дейін берілуі тиіс болатын. Алайда кейінірек жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімі 1 тамызға дейін ұзартылған.

Қазақстанның бір қаласында жаздың соңына дейін ыстық су болмайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.