jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыдағы колонияда екі сотталушының қаза тапқаны рас па: ҚАЖК түсініктеме берді

Колония
Колония. Иллюстрациялық фото: txking/Getty Images

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде тараған Алматыдағы колониялардың бірінде екі сотталушының қаза болғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында екі сотталушының қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

"Әлеуметтік желілерде Алматыдағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде екі сотталушы бірінен соң бірі өз-өзіне қол жұмсады деп жазып жатыр", - делінген жазбада.

ҚАЖК бұл деректі жоққа шығарды.

"Алматы мекемелерінде екі сотталушы өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Алматыдағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, сондай-ақ жалпы бүкіл жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты", - деп хабарлады ҚАЖК.

Ведомство көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салып, тек ресми және сенімді дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram