jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ІІМ шетелдіктердің Қазақстанға кіру ережесін өзгертуді ұсынды

Әуежай
Әуежай. Иллюстрациялық фоо: Oscar Wong/Getty Images

Ішкі істер министрлігі иммигранттардың Қазақстанға келуі, онда болуы және елден шығу ережелеріне қатысты өзгерістер әзірледі. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатқа сәйкес, ІІМ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасына кіруге электронды рұқсат беруді ұсынып отыр. Бұған көші-қон бақылауын жаңғырту және цифрландыру жөніндегі президент тапсырмасы, сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" заңның 6-бабының ережелерін іске асыру негіз болған.

Ведомство бұл жаңашылдық көші-қон ағынын есепке алудың ашықтығын, жеделдігін және толықтығын қамтамасыз етеді деп санайды.

"Электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыны саралау үздіксіз техникалық қызмет көрсету, цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту және дербес деректерді қорғау үшін сервистік құралдарды шоғырландыруға мүмкіндік береді", - делінген бұйрық жобасында.

Электронды рұқсат беру жүйесін енгізу 2026 жылғы тамыз бен желтоқсан аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Жоба 17 тамызға дейін қоғам талқылауда болады.

ІІМ шетелдіктердің Қазақстанға кіру ережесін өзгертуді ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.