Қазақстанда қанша адам тұрады: жаңа статистика жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы жаңа деректерді жариялады. Жыл басынан бері қазақстандықтардың саны 91 мың адамға көбейген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бюроның мәліметінше, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны – 20 590 589 адам. Жыл басымен салыстырғанда халық саны 90 767 адамға (0,44 пайыз) көбейген.
Ел тұрғындарының 13,1 миллионнан астамы (64,1 пайыз) қалаларда, 7,4 миллионнан астамы (35,9 пайыз) ауылдық жерлерде тұрады. Бірінші жартыжылдықта қала халқының саны 105 475 адамға (0,81 пайыз) өскен. Ал ауыл халқының саны 14 708 адамға (0,2 пайыз) азайған.
Сондай-ақ Қазақстандағы халқы ең көп бес өңір белгілі болды.
- Алматы – 2,3 млн адам;
- Түркістан облысы – 2,1 млн адам;
- Астана – 1,6 млн адам;
- Алматы облысы – 1,6 млн адам;
- Шымкент қаласы – 1,3 млн адам.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2408062-qazaqstanda-qansha-adam-turady-zhanga-statistika-zhariialandy/
