jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Елімізде 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жерлері жаңа тәртіппен беріледі

жер
Жер. Көрнекі фото: pexels.com

Үкіметте өткен брифингте ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу электронды форматқа көшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жерлерін бөлудің жаңа тетігі іске қосылады. Мұны үкіметтегі брифингте ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір қолданыста жүрген қағаз жүзіндегі өтінімдер мен жер комиссиясының шешімдеріне негізделген жүйенің орнына электронды формат енгізіледі.

"Жаңа жылдан бастап біз жер бөлудің жаңа форматына көшеміз. Қазіргі уақытта жер қағаз түріндегі өтінімдер арқылы және шешім қабылдауға әсер ететін факторлары бар жер комиссиясының шешімімен беріледі. Ал 1 қаңтардан бастап біз электронды форматқа көшеміз – жер картасы іске қосылады. Осылайша жер пайдаланушылар онлайн режимде қай жер телімдерінің бос екенін және бөлуге дайындалып жатқанын көре алады", - деді Азат Сұлтанов.

Ол жаңа механизм жер комиссиясының жұмысынан бас тартуға мүмкіндік беретінін айтты.

"Жаңа механизмнің енгізілуімен жер комиссиясының жұмысы тоқтайды. Осылайша ашықтық қамтамасыз етіліп, адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады", - деп мәлімдеді вице-министр.

Елімізде 1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жерлері жаңа тәртіппен беріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.