Полиция ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөлік иелеріне үндеу жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Полиция Қазақстанға ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөлік иелерін көліктің уақытша тіркеу мерзімін тексеруге шақырды, деп хабарлайды Алматы облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы облыстық полиция департаменті Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен әкелінген автокөлік иелеріне жүгініп, көліктерді уақытша тіркеу мерзімі аяқталып жатқанын еске салды.
"Не істеу қажет? Ең алдымен, автокөліктің уақытша тіркеу мерзімі мен құжаттарын тексеріңіз. Егер тіркеу мерзімі аяқталуға жақын болса, мәселені кейінге қалдырмай, көлікті ары қарай пайдалану тәртібін алдын ала анықтап алыңыз", - деп кеңес берді полиция өкілдері.
Полиция автокөлікті пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін ескертті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2408176-politsiia-eaeo-elderinen-akelingen-avtokolik-ielerine-undeu-zhasady/
