jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді

Қазақстан туы
Қазақстан туы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанда жаңа Конституцияға сай бірқатар заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін білеміз. Осыған орай елімізде тамыз айында да біраз құжат күшіне енеді, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Айдың басты оқиғалары мынадай:

  • 1 тамыздан бастап гидтер мен экскурсия жетекшілері жаңа қағидамен жұмыс істейді. Құжатқа сәйкес, бұл қызметпен Қазақстан азаматтары ғана айналыса алады.
  • Сондай-ақ киік мүйізін сату ережелері өзгерді. Жануардың мүйіздері, сондай-ақ олардан өндірілген өнімдерді өткізу электрондық конкурс арқылы жүзеге асырылады.
  • Тағы бір жаңашылдық — 25 тамыздан бастап 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуі қажет.
  • Сонымен қатар барлық санаттағы жүргізушілер үшін электрсамокатымен жаяу жүргіншілер жолында жүруге тыйым салынады. Ал кәмелетке толмағандарға оларды тізгіндеуге рұқсат етілмейді.
  • Тағы бір өзгеріс — 25 тамыздан бастап алимент жаңа тәртіппен төленеді. Қаражат арнайы банк шотына аударылады. Мақсат – ақшаны тек балаға немесе еңбекке қабілетсіз адамды асырауға жұмсау.
Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.