jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ақтөбе облысында балық жаппай қырылып жатыр

балық өлексесі
Балық өлексесі. Көрнекі фото: Ishant Chauhan/Hindustan Times via Getty Images

Ақтөбе облысында балықт жаппай қырылып жатыр. Мамандар оқиғаның себебін анықтау үшін су мен балықтан сынама алмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Kazinform-ға сілтеме жасап.

Балықтардың қырылуы Ырғыз ауданындағы Бірсуат өзенінің саласында тіркелді.

Балықтардың қырылып жатқанын жергілікті тұрғындар хабарлады. Сазан, шортан, алабұға, табан балықтар мен көптеген шабақтың өлексесі жағаға жиналып қалған.

"Өзен саласында әлі де тірі балықтар бар, бірақ олар да қырылып жатыр. Су деңгейі төмендеп барады. Бұл – басқа көздерден су келмейтін шағын арна. Жақын арада тазарту жұмыстары жүргізіліп, қажетті сынамалар алынады", - деп хабарлады аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.

Тобыл-Торғай облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мәліметінше, пайдаланушыларға бекітілмеген су айдындарын бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Ақтөбе облысында балық жаппай қырылып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.