jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астанада Алаш тас жолы ішінара жабылады: жүргізушілер нені білуге тиіс

Көлік жүргізушісі
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада 25 тамызға дейін Алаш тас жолы ішінара жабылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Алаш тас жолында салмақ өлшеу датчиктеріне арналған бетон жабындысын орнату жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс учаскесінің ұзындығы – 400 метр.

"Осыған байланысты 5 мен 25 тамызы аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі", - делінген хабарламада.

Бұл ретте автокөлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз", - дейді әкімдіктегілер.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Астанада Алаш тас жолы ішінара жабылады: жүргізушілер нені білуге тиіс

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.