jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жаңа оқу жылында оқушылар емтиханды қашан тапсырады: министрлік мерзімдерді бекітті

студенттер
Студенттер. Көрнекі фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатқа сәйкес, меншік нысанына қарамастан, барлық орта білім беру ұйымдарында оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Бұйрықта мектеп демалыстарының мерзімдері де бекітілген. Күзгі демалыс 26 қазаннан 1 қарашаға дейін, қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін, көктемгі демалыс 2027 жылғы 22 наурыздан 28 наурызға дейін созылады. Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында қосымша демалыс қарастырылған.

"9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2027 жылғы 31 мамыр мен 11 маусым аралығында; 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2027 жылғы 1-17 маусым аралығында өтеді", - делінген бұйрықта.

9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан науқаны 31 мамырда басталады. Бұл күні олар математикадан (алгебра) жазбаша емтихан тапсырады. Одан кейін оқушылар таңдау пәнінен, оқыту тілінен, сондай-ақ оқыту тіліне байланысты қазақ немесе орыс тілі мен әдебиетінен емтихан тапсырады.

"Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2027 жылғы 3 маусым", - делінген құжатта.

11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік емтихандар 1 маусымда Қазақстан тарихынан ауызша сынақтан басталады. Одан кейін түлектер алгебра және анализ бастамалары, оқыту тілі, таңдау пәні бойынша, сондай-ақ қазақ немесе орыс тілі мен әдебиетінен емтихан тапсырады.

"Алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 4 маусым, оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 9 маусым, таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан – 2027 жылғы 14 маусым, қазақ тілі мен әдебиетінен және орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2027 жылғы 17 маусым", - делінген бұйрықта.

Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жаңа оқу жылында оқушылар емтиханды қашан тапсырады: министрлік мерзімдерді бекітті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.