jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда бейнебақылау жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптар енгізілді: 1 қыркүйектен бастап не өзгереді

Камера видеонаблюдения
Камера видеонаблюдения. Иллюстративное фото: monticelllo/Getty Images

Қазақстанда бейнебақылау жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптар әзірленіп, бекітілді. Ол 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, Қазақстанда бейнебақылау жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейтін алғашқы ұлттық стандарт бекітілген. Құжат 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Құжат бейнекамераларды таңдау, орналастыру және пайдалану талаптарын біріздендіруге, сондай-ақ жабдықтардың өзара үйлесімділігін арттыруға бағытталған. Стандарт жобалау, салу және реконструкциялау кезінде көзделетін, кейіннен цифрлық мониторинг жүйелеріне қосылуы мүмкін бейнекамералар мен бейнебақылау жүйелеріне қолданылады.

"Стандарттың негізгі жаңалықтарының бірі бейнекамералардың техникалық сипаттамаларына қойылатын бірыңғай ең төменгі талаптардың белгіленуі. Атап айтқанда, матрица түрі, ажыратымдылығы, жарық сезімталдығы, кадр жиілігі, объективтердің параметрлері, жұмыс температурасының диапазоны, сыртқы әсерлерден қорғау кластары, сондай-ақ жабдықты монтаждау және орналастыру талаптары айқындалды", - деді Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.

Алғаш рет ұлттық деңгейде бейнекамералардың қолданылу мақсатына қарай жіктелуі белгіленген. Олар:

  • сыртқы аумақтарды бақылауға;
  • ғимараттар мен құрылыстардың ішкі үй-жайларын бақылауға;
  • адамдарды анықтау мен сәйкестендіруге, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тануға;
  • сондай-ақ басқарылатын бейнекамераларға арналған болып бөлінеді.

Сонымен қатар стандартта бейнебақылау жүйелеріне қойылатын жүйелік талаптар бекітілген. Атап айтқанда, олар бейнемәліметтерді үздіксіз тіркеуді, беруді, өңдеуді және кемінде 30 тәулік сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

Бұдан бөлек, жүйелер өзара іс-қимылдың заманауи хаттамаларын қолдауы, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай ақпаратты қорғауы, сондай-ақ тұлғаларды, көлік нөмірлерін тану және оқиғаларды тіркеуді қоса алғанда, зияткерлік бейнеталдауды қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

Қазақстанда бейнебақылау жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптар енгізілді: 1 қыркүйектен бастап не өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.