jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Сал болып, төсекке таңылған әйел екі баласы және анасымен бірге апатты үйде тұрып жатыр

Ксения Якимова мен анасы
Ксения Якимова мен анасы. Кадр: "Астана" арнасы

Қарағандылық Ксения Якимоваға шұғыл көмек қажет. Сал болып, төсекке таңылған әйел екі баласы және анасымен бірге адам шошырлық жағдайда апатты үйде тұрып жатыр, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Сырқат қызы мен жиендерін қарап отырған 69-дағы кейуана көмекке мұқтаж екендерін айтып дабыл қағуда. 42 жастағы Ксения үшін өмір бір күнде өзгерді. Отбасын асырап отырған әйел ми инфарктынан кейін денесінің сол жағы сал болып, төсекке таңылып қалды. Бүгінде оны қарт анасы бағып отыр.

"Кейде таңғы 4-5-ке дейін жүремін. "Мама, мама" деп айқайлай береді. Кейде екі- ақ сағат ұйықтаймын. Қызым төсектен тұра алмайды. Гигиенеасын сақтап, осы төсекте жуындырып шайындырамын", - дейді Валентина Кузнецова.

Валентина Петровна 9 және 11 жастағы екі жиенін жалғыз өзі қарайды. Отбасының ай сайынғы жалғыз кірісі – 120 мың теңге зейнетақы. Бұл ақша дәрі-дәрмекке, күнделікті тұрмысқа әрең жетеді. Ал тұрып жатқан үйлері әбден тозған. Қабырғасы сөгіліп, төбесі ескірген баспанада өмір сүру қауіпті.

Анасының айтуынша, ең қиыны осы. Кезінде алаяқтарға алданып, пәтерлерінен айырылған соң осы саман үйді жөндеп алармыз деп сатып алған. Алайда алдымен жолдасы, кейін ержеткен ұлы қайтыс болып, қолдарынан келмей қалған. Оның үстіне Ксенияға әлі күнге дейін мүгедектік рәсімдей алмаған. Бейімдеу орталығына да жатқыза алмапты. Отбасы жергілікті биліктен ешқандай қолдау көрмегенін айтады.

"Бейімдеу орталығы "өкпесінде дақ бар, миында киста" бар деп алмай қойды. Әлеуметтік қорғау мекемесі, әкімдіктен көмек сұрадық, бірақ қаржы жоқ екен деп айтты. Сал болған соң, 6 ай өту керек екен, өткен аптада ғана құжатымызды қабылдады. Қайырымды жандар мен шіркеудің арқасында тамағымыз бар. Мен қартайған адаммын, жиендерім далада қала ма, болмаса шатыр құлап кете ме деп қатты қорқамын", - дейді Валентина Кузнецова.

Көршілері ерікті Кириллден көмек сұраған. Ол әлеуметтік желі арқылы қаражат жинауды бастады. Кейуана жерін сатуға қойды. Бірақ ол үй алуға жетпейді.

"Біз барлығын түсіріп, адамдарға әлеуметтік желі арқылы таратуды бастадық. Бұл отбасына халықтан да, жалпы мемлекеттен де қолдау қажет. Қазірдің өзінде қаншама адамдар қол ұшын соза бастады. Ксенияға медициналық көмек те керек. Барлығы көмектессе, жақсы болар еді", - дейді ерікті Кирилл Улерих.

Ксенияның отбасы үшін ең үлкен үміт – бей-жай қалмайтын жандардың көмегі. Әр теңге – өмірге деген үміт сыйлайды.

Сал болып, төсекке таңылған әйел екі баласы және анасымен бірге апатты үйде тұрып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.