Қазақстандық жүргізушілерге Петропавлдың айналма жолы жабылатыны ескертілді
Жарияланған күні:
Читать на русском
СҚО-да 6 тамызда жөндеу жұмыстарына байланысты Петропавлдың айналма жолында қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 тамыз сағат 09:00-ден бастап республикалық маңызы бар "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 7-шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізіледі.
Шектеу теміржол өткелінің төсемін қайта құрастыру бойынша жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты.
Жолды 6 тамыз сағат 18:00-де ашу жоспарланған.
Компания өкілдері 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2409047-qazaqstandyq-zhurgizushilerge-petropavldyng-ainalma-zholy-zhabylatyny-eskertildi/
