eGov.kz порталы іркіліспен жұмыс істеп жатыр: ҰАТ себебін түсіндірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандықтар eGov.kz порталы мен мобильді қосымшасының жұмысындағы іркілістер туралы хабарлады. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ уақытша қиындықтар платформаны жаңартуға байланысты екенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандықтар eGov.kz порталының тұрақсыз жұмысына шағымданған. Пайдаланушылардың айтуынша, сайт кейбіреулерде мүлдем ашылмайды, ал басқаларында беттер тым баяу жүктеледі немесе мемлекеттік қызметтерді пайдалану кезінде қателер шығады.
Мобильді қосымшаны пайдаланушылар да ақау туралы хабарлады. Жеке кабинетке кіру сәтті өткенімен, авторизациядан кейін сервис дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін: беттер кешігіп ашылады, жекелеген бөлімдер қатып қалады, ал кейбір қызметтер мүлдем қолжетімсіз.
ҰАТ баспасөз қызметі порталда жаңарту жұмыстары жүріп жатқанын растады.
"Қазіргі уақытта жаңартылған платформаны баптау және оңтайландыру бойынша жекелеген жұмыстар аяқталып жатыр. Осыған байланысты кейбір пайдаланушыларда порталдың жекелеген компоненттері уақытша іркіліспен жұмыс істеуі мүмкін", - деп хабарлады компаниядан.
Сондай-ақ ҰАТ өкілдері пайдаланушыларға түсіністік танытқаны және кері байланыс үшін алғыс айтып, уақытша қолайсыздықтар жүйені жаңартудың соңғы кезеңіне байланысты екенін атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2409151-egov-kz-portaly-irkilispen-zhumys-istep-zhatyr-uat-sebebin-tusindirdi/
