jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қорғас – Алматы бағытында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

автожол
Автожол. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сенбі, 8 тамызда Қорғас – Алматы тасжолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық компанияның Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, 8 тамыз күні сағат 05:00-ден 06:00-ге дейін Қорғас – Алматы бағыты бойынша көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Шектеу ені 7 метр, ұзындығы 24 метр болатын ірі габаритті жүкті қауіпсіз өткізуге байланысты.

Осы уақыт аралығында жол қозғалысын патрульдік полиция қызметкерлері реттейді.

"Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарауды және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қорғас – Алматы бағытында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.