jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда техникалық ақауы бар жүк көліктеріне бақылау күшейді

Жүк көлігі
Жүк көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда техникалық ақауы бар жүк көліктеріне бақылау күшейтілді. Жеті ай ішінде 16 мыңнан астам жүк көлігі жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, қалада 48 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген. Жеті ай ішінде 16 мыңнан астам жүк көлігі жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер 1 033 техникалық ақауы бар көлікті анықтады. Экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 229 жүргізуші жауапкершілікке тартылып, 42 жүк көлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Шілденің ортасынан бері жұмыс істеп жатқан мамандандырылған мобильді топ 428 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтап, 21 жүк көлігін айыппұл тұрағына орналастырды.

"Жолға шығатын әр жүк көлігі Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және экологиялық талаптарына толық сәйкес келуге тиіс. Ақаулы тежегіш жүйесі, тозған шиналар немесе пайдаланылған газдың шамадан тыс түтіндеуі – ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін нақты қауіп факторлары. Біздің міндетіміз – мұндай көлік құралдарын дер кезінде анықтап, олардың әрі қарай пайдаланылуына жол бермеу. Бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасады, өйткені мәселе тек заң талаптарын сақтау ғана емес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Алматының қолайлы экологиялық ахуалын сақтауда", - дейді ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Алматыда техникалық ақауы бар жүк көліктеріне бақылау күшейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.