Астанадағы басты көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Жарияланған күні:

Астанада 7-8 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылының Қалқаман көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қозғалыс ішінара шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2409278-astanadagy-basty-koshelerding-birinde-kolik-qozgalysy-ishinara-shekteledi/
