jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы – Тараз автожолының бір бөлігі уақытша жабылады: айналма жол сызбасы ұсынылды

жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

7 тамыздан бастап Жамбыл облысында Алматы – Тараз (Жаңа Қордай асуы) автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Жамбыл облысында Алматы – Тараз (Жаңа Қордай асуы) автомобиль жолының 159–238 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Осыған байланысты 7 тамыздан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Тараз қаласы бағытына қарай көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде Алматы қаласынан Тараз қаласына бағыт алған көлік құралдарының қозғалысы Отар – Қордай – Қайнар (Ескі Қордай асуы) автомобиль жолы арқылы ұйымдастырылады.

"Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жол жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақта аса мұқият болуды сұраймыз.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Алматы – Тараз автожолының бір бөлігі уақытша жабылады: айналма жол сызбасы ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.