jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

ШҚО-да балалар телемұнараға шығып, жерге түсе алмай қалған

телемұнара
Телемұнарадан түсе алмай қалған балаларға көмек. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

ШҚО-да Тарбағатай ауданы ТЖБ аға инженері Архат Нигмашев телевизиялық мұнараның басына шығып кеткен екі баланы байқап қалды. Биіктен өздігінен түсе алмай қалған балаларды ТЖМ қызметкері мен полиция қызметкері түсіріп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында болған. Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Диас Жұмаділов те келді. Архат Нигмашев мұнараға көтеріліп, балаларды төменге түсірді.

Құтқару жұмыстары кезінде полиция қызметкері көмек көрсетті. Қызметкерлердің үйлесімді іс қимылының арқасында жазатайым оқиғаның алды алынды.

ТЖМ ата аналарға балалардың қайда жүргенін үнемі бақылап, оларға қараусыз қалған құрылыстар мен қауіпті нысандарға барудың қауіпті екенін түсіндіру қажеттігін еске салады.

ШҚО-да балалар телемұнараға шығып, жерге түсе алмай қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.