2026 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Жарияланған күні:

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Білім гранты иегерлерінің толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.
Министрліктің мәліметінше, биыл 75 мыңнан астам талапкер Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болған.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы экономиканың білікті кадрларға деген ұзақ мерзімді сұранысын ескере отырып қалыптастырылған. Білім беру гранттарының 60 пайызы бүгінде елдің индустриялық және технологиялық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие инженерлік және техникалық даярлау бағыттарына бөлінген.
Өңірлерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. "Серпін" жобасы аясында екі мыңнан астам грант иегері Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарында білім алады.
Жалпы биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына шамамен 127 мың өтініш келіп түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп.
Министрлік мемлекеттік білім грантының электрондық куәліктері үш жұмыс күні ішінде Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болатынын еске салды.
Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2409842-qazaqstanda-bilim-beru-granttary-iegerlerining-tizimi-zhariialandy/
