Алматыдағы "Байсат" базары 24 млрд теңгеге сатылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бірнеше мәрте саудаға шығарылған Алматыдағы "Байсат" базары 24 772 753 285 теңгеге сатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Электрондық сауда алаңы порталындағы мәлімет бойынша, сауда-саттық бүгін, 7 тамызда сағат 12:00-де өткен. Атап айтқанда, "Көтерме-бөлшек сауда орталығы" ЖШС-нің 100 пайыздық үлесі сатылымға шығарылған. Базардың бастапқы құны түпкілікті сатылған бағасына сәйкес келеді.
Жоба сипаттамасына сәйкес, ЖШС қызметкерлерінің орташа жылдық саны – 64 адам. Нысанды сатушы – Қайтарылған активтерді басқару компаниясы. Сатып алушы туралы мәлімет жарияланбаған.
Айта кетейік, бұл "Байсат" базарының саудаға алғаш рет шығарылуы емес. Бұған дейін базардың желтоқсан айында қайта саудаға шығарылғанын, сол кезде оның бағасы 26 706 317 643 теңге болғанын жазған едік. Оған дейін құны 28 млрд теңгеге бағаланған болатын.
Сондай-ақ егер "Байсат" сатылмаған жағдайда, ол қаланың коммуналдық меншігіне берілуі мүмкін екені хабарланған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2409878-almatydagy-baisat-bazary-auktsionda-24-mlrd-tenggege-satyldy/
