jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

СҚО-ның құрылғанына 90 жыл: Тоқаев өңір тұрғындарын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын өңірдің құрылғанына 90 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы осы уақыт ішінде Қызылжар өңірі дамудың даңғыл жолынан өтіп, шежірелі өлкеге айналғанын атап өтті.

"Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан еліміздің астықты аймағының бірі саналады. Дихандарымыз егіншілік кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор еңбек сіңіріп жүр.

Аймақта ауыл шаруашылығымен қатар өңдеу өнеркәсібі, машина жасау салалары қарқынды дамып келеді. Инвестициялық жобалар қолға алынып, өндіріс орындары іске қосылды. Мұның бәрі халықтың тұрмысын жақсартып, өңірдің одан әрі өркендеуіне ықпал ететіні анық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент құттықтауында бұл өңірде күрделі кезеңде ел бірлігін сақтап, даналық пен көрегендік символына айналған әйгілі Абылай ханның ізі қалғанын айтты.

Сондай-ақ қазақ халқына, бүкіл әлемге танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен әдебиет саласының аса көрнекті өкілдері, еңбек ардагерлері, көптеген құрметті тұлға, әйгілі спортшылар мен құқық қорғау саласының білікті мамандары шыққанын жеткізді.

"Біз біртұтас әрі жасампаз ел ретінде ауқымды өзгерістерді табысты жүзеге асырып жатырмыз. Таяуда ғана ұлт дамуының темірқазығы саналатын Жаңа Конституциямыз заңды күшіне енді. Бас құжатта халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраты мен келешекке бағдар болатын мызғымас құндылықтары нақты көрініс тапты.

Ата Заңды қабылдауға аймақ жұртшылығы да белсене қатысып, ауызбіршілік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Облыста түрлі этнос өкілдері өзара құрмет пен достық дәстүрін сақтап, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Берекелі өңір барлық жетістікке азаматтардың жасампаздық қуатының арқасында қол жеткізіп келеді. Сіздер алдағы уақытта да ел игілігін еселеуге атсалыса бересіздер деп сенемін.

Баршаңызға амандық, толағай табыс тілеймін! Солтүстік Қазақстан облысы өсіп-өркендей берсін!" - деді мемлекет басшысы.

СҚО-ның құрылғанына 90 жыл: Тоқаев өңір тұрғындарын құттықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.