Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде 39 градусқа дейін ыстық болады
Жарияланған күні:

8 тамызда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Алматыда күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, түнде 24 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,7 м/с.
Астанада күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін көтеріліп, түнде 14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,1 м/с.
Шымкентте де бүгін күн ала бұлтты болады деп болжанады. Күндіз термометр бағанасы 39 градусқа дейін жетіп, түнде 25 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 8,7 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2410022-bugin-qazaqstannyng-bir-megapolisinde-39-gradusqa-deiin-ystyq-bolady/
