Қазақстан азаматтығын алғысы келетін жандар үшін маңызды ақпарат жарияланды
Жарияланған күні:

Ұлттық тестілеу орталығы ҚР азаматтығын алу үшін тестілеуге өтініш қабылдау қашан басталатынын мәлім етті, сондай-ақ емтихан өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Орталықтың мәліметінше, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 10-20 тамыз аралығында өтеді.
Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Тестілеудің өзі 22 тамызда өтеді. Тестілеу үш бөлімнен тұрады:
- қазақ тілі бойынша тест (қазақ тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, шекті балл – 20;
- Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15.
"Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 50. Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2410106-qazaqstan-azamattygyn-alu-ushin-testileuge-otinish-qabyldau-qashan-bastalady/
