Елімізде бір мектептің биылғы барлық түлегі білім грантына ие болды
Жарияланған күні:

Астанадағы №9 "Зерде" мектебінің биылғы 65 түлегінің барлығы жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін білім гранттарына ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, 42 түлек кеше нәтижелері жарияланған мемлекеттік білім гранттарының иегері атанды. Тағы 9 түлек Назарбаев Университетіне оқуға түсті, ал 14 түлек әлемнің ТОП-50 үздік жоғары оқу орнының қатарына кіретін шетелдік университеттерде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Осылайша мектеп түлектерінің грантқа түсу көрсеткіші 100 пайызды құрады.
Мектеп ұжымының айтуынша, бұл жоғары нәтиже – оқушылардың жүйелі дайындығы мен ұстаздардың кәсіби еңбегінің нәтижесі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2410280-elimizde-bir-mektepting-biylgy-barlyq-tulegi-bilim-grantyna-ie-boldy/
